Алматыда 82 жұмыс беруші жалақыны уақтылы төлемегені үшін жауапқа тартылды

Алматыда 82 жұмыс беруші жалақыны уақтылы төлемегені үшін жауапқа тартылды

Алматы қаласының еңбек инспекциясы басқармасы жыл басынан бері 230 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі.

«Тексеріс барысында 112 заңды тұлғаға 20,4 млн теңге, жалақыны уақтылы төлемеген 82 заңды тұлғаға 13,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды. 177 кәсіпорында 116,4 млн теңге жалақы сомасы бойынша берешек өтелді, жиыны 764 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды», - деді Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - бас мемлекеттік еңбек инспекторы Еркінбек Әмірғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Ол сондай-ақ, қала кәсіпорындарында 30 жазатайым оқиға болғанын айтты.

«Бұл ретте 31 адам зардап шеккен, оның ішінде 4 адам қаза тапты, 9 адам ауыр, 18 адам жеңіл жарақат алған. Айта кетейін, Алматыда 113 916 кәсіпорын жұмыс істейді, жалдамалы қызметкерлер саны – 897 925 адам», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспектор Еркінбек Әмірғалиев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...