«БИИК-ШЫМКЕНТ» КЛУБЫ – ЕЛ КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

«БИИК-ШЫМКЕНТ» КЛУБЫ – ЕЛ КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті. 20-26 сәуір аралығында қалада өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары ел кубогы жолындағы жарыстарда 14 дүркін жеңімпаз атанды. Қазақстан Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде жергілікті команда Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының ойыншыларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады. Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш! Бүгінде ұлттық құрамада 7 футболшы қызымыз өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр.
Сондай-ақ, «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі - команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.
Жалпы бұл спорт түрі дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың қуатты құралы. Адал жекпе-жек өнері, жоғары орындаушылық шеберлік, дене шынықтыру миллиондаған жанкүйерлердің терең қанағаттануын, ләззатын, қуанышын ғана емес, сонымен қатар кез-келген жасөспірімді футбол алаңдарына, спорт алаңдары мен залдарына әкелетін қызығушылықты тудыратын спорт. Көптеген атақты спортшылар спорттық өмірбаянын футболға деген құштарлықтан бастады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...