ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӨҢІРГЕ МАҢЫЗДЫ САЛАЛАР БОЙЫНША ӨТІНІШТЕР ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӨҢІРГЕ МАҢЫЗДЫ САЛАЛАР БОЙЫНША ӨТІНІШТЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың мәселелеріне құлақ түріп, жауапты сала өкілдерімен талқылады. Қабылдауға 20-дан астам тұрғын жазылып, өз талап-тілектерін жеткізді. Өңірдің Сауран, Сайрам, Сарыағаш, Келес, Отырар, Мақтаарал, Ордабасы, Бәйдібек аудандары, Арыс және Түркістан қаласының тұрғындарына бөлек, Маңғыстау облысынан келген бір топ азамат өз ұсыныстарын айта келді.
Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салалар бойынша өз өтініштерін білдірді. Облыс әкімінің орынбасары әр өтінішті мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес қаралатынын мәлімдеді. Облыстық салалық басқармалар, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар жүктеліп, хаттамама негізінде өтініш иелеріне жауаптар жолданады.
— Қордаланған мәселе көп. Ел ішіндегі кейбір проблемалар ақпарат, мәліметтің жоқтығынан, тіпті кейбірі өз құқықтарын заң аясында шешу жолын білмегендіктен туындаған. Кейбіреулер өз мәселесі бойынша қандай мекемеге барып, кө­мек сұрарын білмегендіктен тікелей келгенін айтуда. Осы тұста аудан әкімдіктері, сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, халықпен тығыз жұмыс істеуді тапсырдым.
Әрине, оларды шешуде уақытты қажет ететін мәселелер бар, қабылдауға келген облыс тұрғындарының өтініштері толық шешімін тапқанға дейін менің бақылауымда болады.
Белсенді азаматтық қоғамның көмегімен ғана біз бірлесіп мінсіз құқықтық, ашық мемлекет құра алатынымызға сенімдімін, — деді Ермек Кенжеханұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...