Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Александр Ван дер Беленнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі.


