Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді

Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Тәжікстан басшысын ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды. 

Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты. 

Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...