Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Бұл мереке – түрік халқының бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілігі мен тұрақты дамуының мызғымас тұғыры. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Түркия саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда биік белестерді бағындырып, халықаралық қауымдастықтың қуатты әрі беделді мүшесіне айналды, – делінген жеделхатта.

Президент екі ел арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ілгерілей беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Түркия халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше...