Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат

Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат

Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” атты халыққа Жолдауында Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құруды басты мақсат ретінде айқындады. Оған қол жеткізу үшін еліміздің мол әлеуеті мен қазіргі заманауи инновациялық жағдайларда беріліп отырған орасан зор мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануымыз қажет. Президент жариялаған ауқымды “Халықтық құрылыс” бағдарламасы экономиканың барлық саласындағы түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға жол ашады. Жалпыхалықтық жоба жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді. Бұл Жолдау – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат. Оны жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуіміз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша мемлекеттік органдар басшылары баяндама жасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді Премьер-министр...