Тоқаев Донақовқа тапсырма берді

Тоқаев Донақовқа тапсырма берді

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, - деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съездінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Президентке Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...