Наурыз мейрамы он күн тойланады

Наурыз мейрамы он күн тойланады

Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды.

Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:

14 наурыз - Көрісу күні

15 наурыз - Жайлау күні

16 наурыз - Шежіре күні

17 наурыз - Тарихқа тағзым күні

18 наурыз - Игі істер күні

19 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні

20 наурыз - Зияткерлік күні

21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні

23 наурыз - Жоралғы күні

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (...) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген құжатта.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...