Инсульт алған әйелді тонап кеткен

Инсульт алған әйелді тонап кеткен

Қызылордада инсульт алып құлаған әйелді белгісіз біреулер тонап кеткен. Бұл оқиға қала базарларының бірінің дәретханасында болған. Аталған жайт бойынша жәбірленушінің құрбысы Facebook-парақшасында жазды.

Қызылорданың тұрғыны Елена Когайдың айтуынша, оның құрбысы сыйлық сатып алу үшін базарға шыққан.

«Оны жаңадан салынған базардың дәретханасынан тауыпты. Инсульт алған. Қазір комада жатыр. Сөмкесі жоқ. Қайта телефоны қалтасында болған. Сол арқылы туыстарын тауып, жағдайды хабарладық. Сөмкеде құжаттар, несие карталары бар» Е. Когай.

Ал, полиция болса тергеу жүргізіліп жатқандығы жөнінде хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...