ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы «Көрме» орталығында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтіп, өтініш білдіруші тұрғындар мәселесі тыңдалды.
Тұрғындарды толғандырған мәселелердің маңызды бөлігі елді мекендердегі ауыз су, табиғи газбен қамту, жарықтандыру, кәріз жүйелерін орнату, қатты тұрмыстық
қалдықтарды тазарту және әлеуметтік қолдау көрсету алға тартылды.
Қабылдау барысында шағын аудандар бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты мердігер мекемеге тапсырма беріліп, бүгіннен кешіктірілмей толық ретке келтіру тапсырылды.
Сондай-ақ, балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстарын жеделдету бойынша мердігер мекемеге тапсырма беріліп, ағымдағы айда толық аяқтап тұрғындарға пайдалануға беру қажеттігі ескертілді.
Жиі көтерілетін мәселелердің бірі - халыққа әлеуметтік көмек көрсету.
Еске саларлық, «AMANAT» партиясының мобильді тобы Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Бозарық елдімекенінде болып, жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелерін тыңдаған болатын.
Мақсат – шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың өзекті мәселелеріне құлақ түріп, тиісті деңгейде шешілуіне атсалысу, бағыт-бағдар мен кеңес беру. Бозарықтағы Егемен Қазақстан көшесінің бір топ тұрғындары көктем, күз мезгілінде жауын-шашын салдарынан жол жүру қиындықтарын жеткізді. Жомартбек Найзатаевтың айтуынша, бұл көшеге 15 жылдан бері асфальт төселмеген.
Жалпы бүгінгі қабылдау қорытындысына сәйкес 200-ден астам қала тұрғыны қабылданды. Оның ішінде бірқатар мәселе дереу шешімін тапса, енді бір мәселелер шешу жоспарына қойылды. Ал, қалған өзекті сұрақтардың шешімін табу бойынша тиісті жұмыстар құзырлы мекемелермен бірлесіп атқарылатын болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...