ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы Алдоңғаров шаруашылығында 200 бас ірі қара мал мен 50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда 80%-ға жуығы аяқталған.
Осыған орай, қала әкімі М. Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бордақылау алаңын бұдан әрі дамытуға бағытталған мүмкіндіктер туралы кеңестер айтылды.
Биыл күзге дейін толық пайдалануға берілетін шаруашылықта заманауи талапқа сай арнайы қора жайлар, мал азығын сақтайтын қоймалар, жаздық қоралар мен 5 га жуық жоңышқа егіс алқабы қарастырылған.
Бордақылау алаңының қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда маңызы зор. Сауда нысандарына әр тоқсан сайын, ал өндірушілерге 1 жылға баға бекітіліп отырады.
Айта кетейік, Шымкентте егістікті әртараптандыру мақсатында биыл 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар жағармай қарастырылған. Көктемгі егіс жұмыстарының барысы толықтай бақылауға алынған, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.
Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.
Қала аумағында қазіргі таңда 100 бастан жоғары ірі қара мал бордақылауға арналған алаңдардың саны 30-дан асады. М.Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қала халқын сапалы ет өнімдерімен қамтуда инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...