ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. М. Дүйсенбекұлы республикалық қала мәртебесіне ие болған 5 жылда атқарылған жұмыстарды, барлық саладағы көрсеткіштерді баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап беруде.
Соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті.
Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті.
Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде. Биылғы алғашқы тоқсанда қалаға 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,6% құрап отыр.
Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Діттелген межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізілуде. Ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 26,1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25%-ға өсіп 8,8 млрд. долларды құрады.
Ал еліміздің мегаполисі Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс жылдан жылға артуда. Ресей инвесторларымен қалада ірі инвестициялық жобалар іске асып келеді. Мәселен, «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) – инвестициялық құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 50 МВт Күн электр станциясының құрылысы жобасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда ресейлік «Бона Файд Групп» ЖШС инвестициялық құны 60 млн. теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 252 мың дана әйелдер фитнес киімдерін өндіретін жобаны бастап кетті. Өндіріс орны 2023 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...