Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси өзара іс-қимылды нығайтуда

Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси өзара іс-қимылды нығайтуда

Сауд Арабиясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корольдіктің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Уалид Әл-Хурейджимен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында А.Исағалиев Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа жолдауын табыстады. Жолдауда Корольдіктің басшылығы мен халқына тілектестік білдіріліп, Сауд Арабиясы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық инфрақұрылымды қорғау жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсетілген.

Сауд тарапы Қазақстанның бұл ізгі ниетін жоғары бағалап, көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ екі ел арасындағы берік достық пен өзара сенім байланыстарын атап өтті.

Тараптар өңірдегі ахуал жөнінде пікір алмасып, Қазақстан - Сауд Арабиясы қатынастарының өзекті мәселелерін және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің өкілдері Қазақстан - Сауд Арабиясы әріптестігін одан әрі тереңдету мақсатында тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...