САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында алдын ала жазылған 14 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер қозғалды.
Дәлірек айтсақ, жеңілдетілген несие беру, автотұрақты жалға алу, коммуналдық арендалық көпқабатты тұрғын үйден пәтер беру, жер мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қабылдауға келген азаматтар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты заң аясында жауап берді. Сондай-ақ, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашық деп жариялап, депутаттарға табыс тіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы...

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артып, өңірлердегі...