ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒАРЫШ НАНОСЕРІГІМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒАРЫШ НАНОСЕРІГІМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТТЫ

Түркістан оқушылар сарайында еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі жұмыс істейді. Оған 30-ға жуық бала қатысса, басым бөлігі қызбалалар.
Болашақ ғалымдар ғарышта наноспутникпен байланыс орнатып үлгерді. Олар өз жұмыстары арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдылық пен ауаның ластануы туралы мәліметтер жинады.
Жоба жетекшісі Еркін Ақтаевтың айтуынша, балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін олар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізеді.
«Басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсету, бағыт-бағдар беру. Бұл үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады», - дейді ұстаз Еркін Ақтаев.
Айта кетерлігі, үйірмеге қатысушылар бір жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылы атмосфераның жоғарғы қабатына 2 заманауи наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-ден 10 келіге дейінгі шағын ғарыш аппараттарына бірнеше камера мен сенсорлармен жабдықталған. Осылайша, осы наноспутниктердің көмегімен атмосфераға қатысты бірқатар ақпарат алынды. Қазан айында олар жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр., деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...