ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

Түркістанда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының барлық қосалқы аймақтарының аумағында 340 млрд. теңгеге 64 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Әкімшілік іскерлік орталығының аумағында 313 млрд. теңгеге 50 жоба және Тарихи орталық қосалқы аймағында 22,6 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар шеңберінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Бұл туралы Түркістан қаласы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
Өңір басшысы атап өткендей, индустриалды аймақта 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 10 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 16 млрд. теңгеге жетеді, 1,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады.
– Бұдан бөлек, Ұлттық жобалар бойынша осы жылы 337 адам жұмыспен қамтылды. «Еңбек» бағыты бойынша 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Дархан Сатыбалды.
Шет елдерден және еліміздің аумақтарынан келетін туристердің саны өсуде. Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Ыстамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылды. Қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласына тікелей рейстер ашылады. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Тбилиси, Самарқанд қалаларына рейстер ашуға Үкіметке ұсыныс енгізілді. Ішкі бағытта Астана мен Алматыға рейстер саны көбейтілді.
– Түркістан қаласын дамыту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жеке бақылауында. Былтыр өңір тұрғындарымен кездесуде Президентіміз Түркістан қаласына арнайы мәртебе беруді тапсырды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі тиісті министрліктермен бірлесіп, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады, бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету бағытындағы мәселелер қала деңгейінде дербес шешіледі, – деді облыс әкімі.
Кездесуде облыс әкіміне тұрғындар түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, сапалы электрмен қамту, жол салу, мектеп салу, көгалдандыру және өзге де түйткілдер тарқатылды. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, мәселелер хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда да жалғасын табады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...