ТҮЛКІБАС: БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫНА МӘН БЕРІЛЕДІ

ТҮЛКІБАС: БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫНА МӘН БЕРІЛЕДІ

Бүгінгі күннің жоспарына сәйкес Мичурин ауылдық округінде аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тың халыққа есеп беру жиыны өтті. Жиынға мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен әр саланың мамандары қатысты.
Аталған басқосуда аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы аудан және ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстардың 5 айлық қорытындысы бойынша есеп беріп, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар, аудан басшысы биылғы жоспарға сәйкес Мичурин ауылдық округіне қарасты Титов атындағы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратының құрылысы жыл соңына дейін аяқталатынын жеткізді. Сондай-ақ, “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 2,5% несие алып, ауылдың әлеуетін арттыру үшін жұмыс бастағалы отырған ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, мүмкіндікті пайдаланып қалуыларын ұсынды.
Мичурин ауылдық округінің тұрғындары ауыз су мен ағын су, көше жарық шамдарын орнату, ескірген электр бағаналары мен кәріз жүйесін ретке келтіру сынды бірқатар мәселелерді көтерді. Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы аталған мәселелер заң аясында қаралатынын мәлімдеп, жауапты мамандар мен бөлімдерге арнайы жұмысшы топ құрып, олқылықтарды түбейгейлі шешуге тапсырма беріп, сапалы жұмыс атқармаған жағдайда қажетті шара қолданатынын айтты, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...