СОЗАҚ: ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІНДЕ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

СОЗАҚ: ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІНДЕ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Биылғы жылы Қыземшек кент округінде тұрғындар сұранысына орай тиісті жұмыстар атқарылуда. Қыземшек кенті аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан кенттегі дәрігерлік амбулаторияға зертханалық аппараттар алынып, анализ тапсыратын лаборатория ашылды. Бұған қоса Таңбалы тас көшесін жарықтандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Т.Рысқұлов, Т.Момбеков, Жастар, Геологтар, Жетіқоңыр, Таңбалы тас көшелерінің электр бағаналарын ауыстыру мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мал өлекселерін тастайтын Беккери шұңқырының құрылысы да жалғасуда. Таңбалы тас көшесіне балалар ойын алаңшасын салып, «Самал» балабақшасына барар жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру үшін тиісті жұмыстар жасалуда.
Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызешек кент округі тұрғындарымен өткен есептік жиында мәлімдеді.
Жиында тұрғындар бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдап, көкейдегі сұрақтарын жеткізді. Есептік кездесу соңында жеке мәселелері бойынша да жүгінді. Онда көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, сала мамандары тарапынан жауап берілді. Қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...