Астана әкімі қала тұрғындарымен кездесті

Астана әкімі қала тұрғындарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында «Көктал 2» елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы жазды. 

 «Көктал 2» елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Қала тұрғындары инженерлік желілер, газдандыру, камералар, бағдаршамдар орнату, маршруттарды іске қосу, тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік нысандарды жөндеу, абаттандыру мәселелері көтерілді.

Кейбір мәселелерге қысқаша тоқталып өтейін. Мәселен оқушы орындарының санын арттыру үшін «Көктал 2» елді мекенінде 2 мың орынға арналған жайлы мектептің (Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы) құрылысы басталды. Оны келесі жылы тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Сарыарқа ауданы да елді мекен сияқты газдандырылған. Бірақ жекелеген тұстары да жоқ емес. Олар бойынша жауапты басқарма тиісті мерзімдерін белгілейді. Сондай-ақ кейбір инженерлік инфрақұрылым желілерін коммуналдық қызметтердің балансына беру ісінде проблемалар бар.

Бейнебақылау камералары бойынша да мәселелер көтеріледі. Биыл қалада мыңға жуық камера орнатуды жоспарлап отырмыз, оның 300-ін Сарыарқа ауданына, 100-ін «Көктал-1» және «Көктал-2» елді мекеніндеріне орнатамыз.

«Бүгінгі кездесуде тұрғындар Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) желісі бойынша салынған тұрғын үй кешендері жөнінде бірнеше сұрақ қойды. Кемшіліктерді бірге жоямыз.Кездесуде көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...