Роман Скляр Ван Зичаомен кездесу өткізді

Роман Скляр Ван Зичаомен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding Limited компаниясының төрағасы Ван Зичаомен онлайн кездесу өткізді. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мамыр айындағы сапары барысында China Power International Holding Limited компаниясы мен ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, SANY Renewable Energy арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Әңгімелесу барысында тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылап, энергетика саласындағы перспективалы жобалар туралы пікір алмасты.

China Power International Holding Limited компаниясының өкілдеріне ықылас таныта отырып Роман Скляр Қазақстан елімізге тікелей тартылған шетелдік инвестицияларды арттыруға үлкен көңіл бөлетінін, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

Өз кезегінде компания төрағасы Ван Зичао екі ел арасындағы энергетика саласы бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тарапқа жобаны жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...