Бүгін Шым шаһарда қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған Републикалық турнир басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.
Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов турнирде сөз алып, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды балуан бабалардан үлгі алған жастарға “Күреспен қатар білім алуға, ғылым үйренуге де шақырамын, шын батырдың күші білегінде емес – жүрегінде, жаман мінезінде емес – мейірімділігінде”-деді.
Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту - ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» құрамасы жекелей алғанда кіші футболдан IV , волейболдан I, жүзуден I , шахматтан I , гір тасын көтеруден VII , үстел теннисінен III , 100 метрге жүгіруден I , ал жалпы командалық есепте 115,5 ұпай санымен I орынды иеленді.
Сонымен қатар, көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогына 400-ге жуық спортшы 2 - жас ерекшелік бойынша жекелей түрден көпсайыс түрінен қатысты.
Көпсайыстан Қазақстан Республикасының Кубогында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында Астаналық гимнастшылар Ерекешова Ақмарал 1-ші орынды және Кушербаева Дария 2-ші иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Бақытжанқызы Зере 3-ші орынды иеленді. Ал, спорт шеберлері арасында Астаналық гимнастшылар Бакатова Сабина 1-ші орынды және Байленова Дильназ 3-ші орынды иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Парфилова Милана 2-ші орынға табан тіреді.
Айта кететін, «Шымкент» командасын футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы болған еді.
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді.
Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.
Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫНА» АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

