БАТЫС ШАҒЫН АУДАНДА 37 ШАҚЫРЫМ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛДЫ

БАТЫС ШАҒЫН АУДАНДА 37 ШАҚЫРЫМ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі шаһар аумағындағы инженерлік инфрақұрылымдардың жұмыс барысын тексерді.
Абай ауданына қарасты Батыс шағын ауданында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елді мекен 2021 жылғы жұмыстар нәтижесінде толық ауыз сумен қамтылған.
Қазіргі уақытта тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан біршама жұмыстар атқарылуда. Жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес жалпы жұмыс көлемінің 55 %-ы аяқталған. 2023 жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
– Елді мекенде жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын газ құбыры тартылып, табиғи газбен қамту жұмыстары 100 %-ға аяқталған. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің газ тарту дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілуде,-деді басқарма басшысы Б.Булатбеков
Биыл Қаратау ауданында 83,6 шақырымдық 89 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас төселеді. Бүгінде жұмыстардың 60 пайызы орындалды.
2025 жылға дейін 441,2 шқ құрайтын 466 көше асфальттанады. Нәтижесінде
2020 жылы сапалы жолдар көрсеткіші - 37,6 пайыз
2021 жылы – 41,7 пайыз
2022 жылы – 44,5 пайыз болады.
Бүгінде Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында 5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.
Естеріңізде болса, былтыр "Азат", "Асар-2", "Достық" елдімекендерінде, жалпы 4 жобаның құрылысы аяқталған болатын.
Биылғы жылы тізім "Тұран", "Нұртас", "Тассай", "Қайнарбұлақ тұрғын алабы", "Қайнарбұлақ саяжайы" елдімекендерімен толығып, бірқатар жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Р.Мулкеманов 2025 жылға қарай аудан көлеміндегі табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткіземіз деді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр.
Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды.
Шаһар басшысы сала мамандарына жобаны сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...