Шымкентте күзгі маусымдық ағаш егу жұмыстары жалғасуда.
Дайындық 5 қарашадан басталған, қазіргі күнге дейін "Шымсая" шатқалына 500-ден аса терек отырғызылды.
Жоспарға сай бұл аумаққа 8378 ағаш көшеті егілмек. Оның ішінде жиде, глядичия, жабайы өрік және айлант көшеттері бар.
Мұндағы отырғызылған ағаштар үшін барлық аумақты сумен қамтамасыз ететін 4 ұңғыма бар.Қосалқы жағдайда су тасымалдаушы арнайы техникалар да қарастырылған.
Бұл жұмысқа Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы "Жасыл белдеу" КММ-нің қызметкерлерімен қоса, 20 маман мен 3 тракторды жұмылдырып отыр.
Еске салсақ, шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, көшелерге, аулалар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, Орталық, Абай, Тәуелсіздік саябақтарына және Чернобыль құрбандарын еске алу мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық паркіне жалпы саны 250-дей туя, арша, жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылуда.
Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері егілетін болады.
Айта кететін, Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты гүлзардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.
Гүлзардың аумағы 1,600 га қамтиды. Мұнда амфитеатрмен қоса, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.
Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылды.
Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр.
Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, белгіленген мерзімінен бұрын пайдалануға берілуде.
Ресми ашылу салтанатынан соң қала әкімі тұрғындармен бірге гүлзарға ағаш екті.
Қараусыз қалғандай күй кешкен жердің әдемі әрі демалыс аймағына айналуы - көптің ризашылығын тудырды. Жергілікті жұртшылық игі іске алғыс білдірді.
Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады.
Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады. Ол үшін қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіліп, орындары анықталды. Сонымен қатар Шымкент-Сити шағын ауданында аумағы 40 гектарлық, Тұран шағын ауданында 37 гектарлық, ал, Сәуле шағын ауданында 2,5 гектарлық саябақ ашу үшін жобалық — сметалық құжаттар әзірленуде.
Сонымен бірге сала жетекшісі өткен жылы аудан әкімдіктерімен 75,5 мың дана, жасыл белдеуге 200 мың дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 мың дана ағаш көшеттері егілгенін, ал биылғы жылдың көктем айларында жалпы 21 455 ағаш көшеттері отырғызылғанын атап өтті.
ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫНА 8378 АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ

