Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында су басу қауіпі бар аймақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында.
Әл-Фараби ауданында бойынша құрылған топ Сәуле шағын аудандарындағы жеңістің 50 жылдығы, Тұмарлы, Зерделі және Байдала т.б. көшелеріне арнайы техникалардың көмегімен су тартуға дайын.
Бұл жұмыстарға "Build Stroi" ЖШС-ның 10 техникасы, су тартатын 10 мотопомпа және 30 -ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.
29-30 қазандағы жауын салдарынан Қаратау ауданына қарасты бірқатар елдмекендерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда Ақжайық, Тассай елді мекендері, Еділбаев , Атбасар көшелері аумағында су жиналып тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда Нұртас елді мекені – “Шұғыла” , Бозарық 2 елді мекені – “Адыраспан”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Бозарық-3 елді мекені– “Ақбілек” , Бозарық елді мекені – “Жосалы”, Тассай елді мекені – “Әуезов” , Тұран елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс” көшелері тұрақты бақылауда.
Алдын алу жұмыстарына аудан әкімі аппараты мен төтенше жағдайлар басқармасы, «Жаңа арна 2022» ЖШС тарапынан 15 техника, су сорғыш құралдар, 4 мотопомпа және 50-ге жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Аудан аумағында тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.
Қаратау ауданында жауын-шашын салдарынан болатын су көлдеудің алдын алу мақсатында ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын 22 мекенжайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланған.
Қазіргі таңда 12 орынға мердігер мекеме анықталды. Келісімшарт құжаттамалары әзірленуде. Қалған мекен жайларға мердігер мекеме анықталуда.
Шымкент қаласында күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалуының алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ирригациялық арықтар орнатылу қажет жерлер зерделеніп, анықталған.
Сонымен қатар, осы өзен, арық және т.б. жерлерді тазалау жұмыстарыда тиісті жүргізіліп отырады.
Шымкент қаласының аумағындағы өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты.
Сонымен қоса 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.
Естеріңізге салайық, небәрі бір аптада арық-атыздарды, басқа да каналдар мен өзен бойларын тазартуда 200 тонна қоқыс шығарылды.
ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АУМАҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

