Шымкент тұрғыны ұсынылған жұмыстардан бас тартып, әлеуметтік көмек талап етуді жалғастырды

Шымкент тұрғыны ұсынылған жұмыстардан бас тартып, әлеуметтік көмек талап етуді жалғастырды


Ұлжан есімді шымкенттік тұрғын соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған. Әкімдікке қайта-қайта келіп, мәселесін диалогпен емес, айқаймен шешкісі келеді. Сырт көзге бәріне әкімдікті кінәлі етіп көрсетуді қалайды. Тіпті өзін өртеймін деп те мәлімдеген.

Алайда бұл әйел көтеріп жүрген мәселе — қоғамдық емес, жеке мәселе. Соған қарамастан ол адамдарды айқайға, жанжалға, истерикаға итермелеп, барлығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығарып отырады. Өзгелерді әдейі камераға түсіріп, мемлекеттік мекемелерді жағымсыз етіп көрсетуге тырысады.

Ал шын мәнінде бұл тұрғын не талап етіп жүр?
Талап ететіні — тек атаулы әлеуметтік көмек пен кезексіз үй алу. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тек заң талаптарына сәйкес беріледі. Ал бұл тұрғынға әлеуметтік көмек тағайындауға негіз жоқ. Сондықтан бас тартылған. Осыдан кейін ол әкімдік қызметкерлерінің кабинеттеріне дейін кіріп, негізсіз жанжал шығара бастаған.

Әкімдік оған бірнеше рет жұмыс ұсынған.
Тіпті айлығы 350 мың теңгеге дейін жететін жұмыс та берілген. Бірақ тұрғын:
«Маған 400–500 мың теңге жалақы болмаса, жұмыс істемеймін», — деп ұсыныстардан бас тартқан. Бүгінге дейін оған 40-қа жуық мекемеден 70 бос ваканция ұсынылған.
Бірақ ол бәрінен бас тартып, тек атаулы әлеуметтік көмек талап етуді жалғастырып келеді.

Белгілі болғандай, мемлекет бұл азаматқа жылдар бойы көмек көрсетіп келген. Соңғы 6 жыл ішінде оған әлеуметтік төлемдер, қаржылай көмек, тіпті демеушілер тарапынан да түрлі қолдау беріліп келген. Алайда соңғы жылдары заң талаптарына сәйкес бұл көмектер тоқтатылған. Осыдан кейін жеке мәселесін қоғамдық дауға айналдырып, әкімдікке қарсы шу шығаруды басты кәсібі етіп алғанға ұқсайды. Алайда заң бәріне ортақ екенін ұмытпағанамыз жөн.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлжан есімді шымкенттік тұрғын соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған. Әкімдікке қайта-қайта келіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын...

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына...