«Qazaq Digital Mektebi» жобасы ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға жол ашады

«Qazaq Digital Mektebi» жобасы ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға жол ашады
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы қыркүйек айында еліміздің жеті облысында пилоттық режимде іске қосылады. Пилоттық жоба аясында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шағын жинақты мектептерді қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда арнайы тұжырымдама бекітіліп, таңдап алынған мектептердің техникалық жағдайы зерделенуде. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, білім ошақтарын заманауи құрылғылармен жабдықтау және сапалы цифрлық инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүріп жатыр.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл мектептері үшін оқытуды басқарудың ұлттық платформасын енгізу және ол платформаны бірегей цифрлық білім беру контентімен қамту. «Qazaq Digital Mektebi» жобасының сәтті орындалуы ауыл балаларына бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік беріп, еліміздің адами капиталын дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...