«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы: мыңдаған қазақстандық бұлақтарды тазартуға шықты

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы: мыңдаған қазақстандық бұлақтарды тазартуға шықты
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды. Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлерінде – Шымкент қаласында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Акцияға бір мезгілде  9000 астам адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды. Жалпы, 30 бұлақ тазартылды.

Жамбыл облысында Жамбыл, Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарында 8 бұлақ тазартылды.

Жетісу облысында Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу және Панфилов аудандарындағы 7 бұлақ тазартылды.

Алматы облысында 6 бұлақ тазартылды, 5 жағалау аумағы абаттандырылды. Жұмыстар Іле, Қаскелең, Түрген, Күрті өзендерінің және Қапшағай су қоймасы аумағында жүргізілді.

Түркістан облысында 6 бұлақ, 8 су нысаны тазартылды. Жұмыстар Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Түлкібас аудандарында, сондай-ақ Кентау қаласында жүргізілді.

Шымкент қаласында Абай ауданындағы Бөржар бұлағы тазаланды.

Қызылорда облысында 2 бұлақ, 6 өзен арнасы тазартылды. Жұмыстар Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Сырдария, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында жүргізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...