Әл-Фараби ауданында мүлік иелері бірлестігінің саны артуда

Әл-Фараби ауданында мүлік иелері бірлестігінің саны артуда

Әл-Фараби ауданында меншік иелеріне кондоминиум нысанын басқарудың жаңа түрі – МИБ (мүлік иелері бірлестігі) және ҚС (қарапайым серіктестік) жайлы түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев жауапты мамандармен бірге жаңашылдықты әлі толық түсіне алмай жүрген көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндіріп, жаңа басқару түрлерінің айырмашылығын айтуда. Аулада ұйымдастырылатын жиналыстарда «Бір үй-бір бірлестік- бір шот» қағидаты туралы кеңінен мағлұмат беріліп жатыр.

Ұсынылып отырған үйді басқарудың жаңа формасы бірқатар артықшылыққа ие. Ең басты ерекшелігі – үй тұрғындарының өздері меншік иелері болып, қызмет көрсететін ұйымның ай сайынғы жарналарына кететін қаражатты өздері басқаруға мүмкіндігі бар.

Бүгінде аудан аумағында 123 тұрғын үйде жай серіктестік, 46 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды.

Айта кетейік, пәтер иелері 2022 жылдың 7 қаңтарына дейін тұрғын үйді басқарудың бір формасын таңдауы тиіс, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...