Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлерде 400-ден астам лифт бар

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлерде 400-ден астам лифт бар

Қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өткен пресс-тур барысында БАҚ өкілдері көппәтерлі тұрғын үйлерде орнатылатын лифттерді басқарма тарапынан сынақтан өткізіп есепке алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметінің жұмысымен танысты.

Журналистерге Тұран шағын ауданында орналасқан №7 үй лифтіне сынақ жұмыстарын жүргізу барысы көрсетілді. Мамандардың айтуынша, сынақ екі түрден тұрады екен, ол статикалық және динамикалық. Ең бірінші лифттің орналасқан шахтасы, басқару орталығы, кабинаның техникалық сипаттамасы тексеріледі. Сынақ жұмыстары толық сатымен өтілгеннен кейін, жүк көтергіш механизімдері тексеріледі.

Шымкент қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінде орнатылған лифттердің саны бүгінгі таңда 401-ді құрайды. Оның 397-сі жұмыс істеп тұрса, қалған төртеуі істен шыққан. Яғни, Тауке хан № 29 үйдің 6 лифтісінің 3-і, Ғ.Иляев № 37 үйдің 2 лифтісінің біреуі істемейді. Ал, істеп тұрған 397 лифтінің 26-ның пайдалану мерзімі ұзартылған.

Сонымен бірге, қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінде 66 лифт, білім беру басқармасына қарасты мектептерде 23 лифт, қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде 58 лифт бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...