Қызылордада тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда

Қызылордада тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда

Қызылорда қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар қарқын алуда. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен қала әкімі Нұржан Ахатов әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жұмыс барысын көрді.

Алдымен 1500 орындық «Келешек мектебінің» құрылысы таныстырылды. Заманауи талаптарға сай салынған ғимаратта оқу кабинеттері жаңа техникамен жабдықталған, STEM-зертхана, кітапхана, спорт және акт залы, асхана қарастырылған. Жаңа мектептің ашылуы маңайдағы шағын аудандардағы білім беру жүктемесін азайтып, балаларға жайлы оқу ортасын ұсынады.

Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі – аулаларды абаттандыру. Биыл 20 аулаға ойын және спорт алаңдарын орнатуға 1,3 млрд теңге бөлінді. Әр аулада әткеншек, сырғанақ, жаттығу құрылғылары, кіші футбол және воркаут алаңдары орналастырылуда. Сонымен қатар жарық шамдары орнатылып, көгалдандыру және демалыс аймақтарын жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар балалардың қауіпсіз ойын алаңдарына, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Қаланы тазарту және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында 153 млн теңгеге 375 тұрмыстық қалдық контейнері қойылды. Бұл экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынып, оның 9-ы пайдалануға берілді. Жаңа білім беру нысандары мен абаттандыру жұмыстары Қызылордада жайлы, қауіпсіз және қолжетімді орта қалыптастыруға елеулі үлес қосып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...