ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында сатып алудың электронды платформасы іске қосылды

ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында сатып алудың электронды платформасы іске қосылды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электронды сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде Ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорындар тіркелген.

Қазіргі уақытта 26 кәсіпорын шамамен жарты триллион теңге болатын 174 жоба бойынша өтінім берді. 2026 жылға арналған тауарларға деген қажеттілік айқындалып, 680 әлеуетті ЕРС-мердігер мен 172 отандық өндіруші анықталды. Олар Ұлттық жобаны жүзеге асыруға қажетті өнім жеткізуге дайын.

Сондай-ақ отырыста аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қолдау шаралары қаралды. Биыл 9,6 мың отбасы коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде көмек алған.

Қанат Бозымбаев жауапты мемлекеттік органдарға көмекті тағайындау рәсімін жеңілдетіп, қолданыстағы қолдау шаралары туралы халықты кеңінен ақпараттандыруды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...