Қызылордада көлік-логистика жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

Қызылордада көлік-логистика жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен көлік және логистика саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді өңірлік деңгейде жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Жиынға саланың ардагерлері, «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының өкілдері, «ҚазАвтоЖол» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының облыстық филиалдары, жол салушы мердігер ұйымдар мен жеке тасымалдаушылар қатысты.

Кездесуде облыстың көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Қызылорда аймағында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар кезең-кезеңімен жөндеуден өтіп, өңірдің логистикалық әлеуеті артып келеді. Биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл көрсеткіш аймақтың экономикалық байланысын күшейтіп, жүк тасымалының сапасын арттыруға ықпал етпек.

Сонымен қатар, жиында «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалының мүмкіндіктері кеңінен сөз болды. Сарапшылар аэрохаб құру арқылы аймақтың халықаралық және ішкі бағыттағы тасымал жүйесін дамыту қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көлік және логистика саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар енгізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...