Қызылордада Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді

Қызылордада Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді

Қызылорда қаласында қала күні қарсаңында Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, жаңа автожол тұрғындардың игілігіне табысталды. Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың жол инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қызылорда қаласында заманауи әрі қауіпсіз жолдар салу арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытында жүйелі қадамдар жасалуда.

Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғылының жаңа бөлігі Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын төрт жолақты жолмен қатар, 6 метрлік жаяу және велосипед жолдары салынды. Бұл жоба қаланың көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жалпы, жол құрылысына 23,9 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар, Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалынан Гагарин көпіріне дейінгі 27 шақырымнан астам жол төрт жолақты болып кеңейтілді. Сыздық, Жаңадария және Шіркейлі каналдарының үстіндегі үш көпір қайта жаңғыртылып, қозғалыс қауіпсіздігі арттырылды.

Соңғы үш жылда облыс көлемінде 329 шақырымнан астам жол мен көпірлер жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.

Ашылу рәсімінде аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтаған мердігер компанияға алғыс айтып, жаңа жолдың қаланың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Шара соңында автокөлік пен велосипед шеруі өтіп, тұрғындарға заманауи техникалар таныстырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...