Қызылордада жаңа көпқабатты тұрғын үйлер ел игілігіне табысталды

Қызылордада жаңа көпқабатты тұрғын үйлер ел игілігіне табысталды

Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 пәтерден тұратын төрт көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл игі шара Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

Салтанатты рәсімге облыс басшылығы, құрметті азаматтар мен қала тұрғындары қатысты. Аймақ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қоныс иелерін құттықтап, соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Сыр өңірінде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясат өз жемісін беруде.

Соңғы үш жылда облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 2,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Нәтижесінде 25 мыңға жуық азамат жаңа пәтерге қол жеткізді. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысы мен дайын үйлерді сатып алуға 58,7 миллиард теңге бөлініп, жалпы көлемі 870 мың шаршы метр баспананы ел игілігіне беру жоспарланған.

Қызылорда қаласында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алған. Үш жылда 5 600 пәтер пайдалануға берілсе, өткен айда кезекте тұрған азаматтар 280 пәтерлік жеті көпқабатты үйге қоныстанды. Биылдан бастап жаңа дизайндағы 7, 9 және 12 қабатты үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Салтанатты шарада облыс әкімі: «Бүгін әр отбасы үшін қуанышты сәт. Мемлекет қолдауымен бой көтерген бұл үйлер тұрғындардың өмір сапасын арттырып, қаламыздың келбетін көркейтеді», – деді.

Шара соңында құрылысқа атсалысқан жұмысшылар мен мердігер ұйымдарға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Жаңа пәтер иелері үшін бұл күн есте қаларлық қуанышты сәтке айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...