Медицина саласының үздіктері марапатталды!

Медицина саласының үздіктері марапатталды!

Кәсіподақтар күні қарсаңында Шымкент қаласының кәсіподақ орталығында денсаулық сақтау саласында адал қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлерін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Шараны «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қобланбек Түлкибекұлы Оңалбеков ұйымдастырды.

Бұл жиын – медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың қоғам мен ұжым алдындағы жауапкершілігін дәріптеуге арналған маңызды оқиға болды. Кәсіподақ ұйымының бастамасымен өз кәсібіне адалдық танытып, ұжымдық ынтымақтастық пен кәсіби шеберлік үлгісін көрсеткен бірқатар мамандар түрлі марапаттарға ие болды.

Қобланбек Түлкибекұлы өз сөзінде кәсіподақтардың басты мақсаты – медицина саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін атап өтті:

«Денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер – ел амандығының кепілі. Сіздердің еңбектеріңіз қоғам үшін баға жетпес құндылық. Біз, кәсіподақтар, әрқашан сіздердің мүдделеріңізді қорғап, еңбектеріңіздің әділ бағалануы үшін жұмыс істейміз», – деді ол.

Кәсіподақтардың төс белгілері мен марапаттары иегерлеріне табысталды:
«Кәсіподақтардың Төс белгісі» – салалық деңгейдегі жоғары марапат. Ол ұйымдастырушылық қабілеті мен ұжымдық жұмысты дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
Марапат иегерлері:
– Адембаева Нұрбике Абдурасиловна, №2 қалалық емхананың бас дәрігері
– Сапарғалиева Айгүл Октябревна, №2 оңалту орталығының бас дәрігері
– Сайлаубек Дана Бахтиярқызы, Қалалық қан орталығының бөлім меңгерушісі
– Ермаханбетова Мәдина Сайфуллаевна, Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері

Құрмет грамотасы медицина саласына адал қызмет етіп, жоғары кәсіби шеберлік көрсеткен мамандарға табыс етілді:
– Турманова Урила Умурзақовна, №2 қалалық аурухана
– Маклакова Татьяна Александровна, Қалалық балалар клиникалық ауруханасы
– Сайдалиев Ғалымжан Қасымович, №7 қалалық емхана
– Елдашбаева Жаныл Мусаевна, Қалалық перзентхана
– Бекполатова Наргиза Сайибжановна, №12 қалалық емхана

Алғыс хаттар кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген, өз еңбегімен ұжымның дамуына үлес қосқан қызметкерлерге тапсырылды:
– Садыбеков Нұрбол Алпысұлы, Қалалық диагностика орталығы
– Қожаназарова Сұлушаш Сембековна, Ұлттық сараптама орталығы
– Шаменова Алтынай Жафарқұлқызы, «Сымбат Нұр» ЖШС
– Исраилова Лола Марубхановна, «Дария-Медикус» ЖШС
– Тұрлыбаева Күндызай Қайынбайқызы, №4 қалалық емхана
– Муталиев Акадил Бейсентаевич, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми орталығы

Жиын соңында марапат иегерлері өз ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақ ұйымының қамқорлығын ерекше атап өтті. Бұл шара медицина қызметкерлерінің қоғамдағы беделін арттырумен қатар, олардың еңбегін бағалаудың айқын көрінісі болды.

«SENIM» кәсіподағының бастамасы – Шымкент қаласында әлеуметтік әріптестікті нығайтып, денсаулық сақтау саласының үздік мамандарына қолдау көрсетудің нақты дәлелі. Мұндай шаралар еңбек адамының мәртебесін көтеріп, ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...