Қызылордада жылу жүйесі жаңартылып, маусымға толық дайындық жүргізілуде

Қызылордада жылу жүйесі жаңартылып, маусымға толық дайындық жүргізілуде

Қызылорда қаласының жылу жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылуда. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді. Қаланың негізгі нысандары бекітілген жоспарға сай жөндеуден өтіп жатыр.

Қызылорда жылу-электр орталығында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 1 генератор мен 4 күштік трансформатор толық жаңартылды. Сонымен қатар 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өтті. Бұл шаралар алдағы маусымда жүйенің үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қалада жылу желілерін жетілдіру бағытында 6 жоба іске асырылуда. Құрылыс және жөндеу жұмыстары жылу маусымы басталғанға дейін аяқталып, шамамен 81 мыңнан астам тұрғын сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын.

Жылу маусымына қажетті отын қоры да назарда. Биыл қалаға жалпы 139 мың тонна көмір қажет, оның ішінде 117 мың тоннасы тұрғындарға, 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға арналған. Өңірлік операторлар көмір жеткізуді бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.

Жалпы, жылыту маусымына дайындық барысы облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Атқарылып жатқан бұл жұмыстар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...