Республика күні қарсаңында – еңбек адамдарға құрмет

Республика күні қарсаңында – еңбек адамдарға құрмет

Шымкент қаласында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қалалық филиалының ұйымдастыруымен «25 қазан – Республика күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл шара елдің дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетуге, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға және кәсіподақ қозғалысының маңызын айқындауға арналды.

Мерекелік жиынға қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен төрайымдары, түрлі салада адал қызмет атқарып жүрген еңбек озаттары қатысты. Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және «Қызмет» салалық кәсіподағының марапаттары табыс етілді.

Марапаттарды «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов табыстады. Қалалық әкімнің Алғыс хатымен Абуова Клара Жақыпбекқызы мен Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы марапатталды. Шымкент қалалық мәслихатының Алғыс хаттары Абдинуров Малик Куттымбетович пен Смаилова Айгерім Ерболовнаға табыс етілді. Ал Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хаттары Усенбаев Асқар Амантаевич пен Жиенбаева Айнұр Айтбайқызына бұйырды.

Сонымен қатар, «Қызмет» салалық кәсіподағының арнайы марапаттары да тапсырылды. «Кәсіподақ қайраткері» медалі – Смаилова Айгерім Ерболовнаға, «Әлеуметтік саланың үздігі» медалі – Молдабекова Гүлнұр Орынбасаровнаға берілді. Ал «Құрмет грамотасымен» Алиханов Бекболат Нұрғалиевич пен Шукен Қарлығаш Тұрсыновна марапатталды. «Алғыс хаттар» Байтулешева Камиля Ералыевна, Абдырахманова Сәния Бахтиярқызы және Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлына табыс етілді.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталғандар қатарында: Мінуар Қуаныш Нұрланұлы, Полатов Рустам Октамович, Шабиддинов Мирзахан Шерханович, Абдинуров Малик Куттымбетович, Әлшері Бақдәулет Табысұлы, Асқаров Жандос Ниязбекұлы, Абуова Клара Жақыпбекқызы, Керимбекова Гүлжан Құралбайқызы, Балабекова Асель Маратовна, Смаилова Айгерім Ерболовна, Маниева Гаухар Мұхтаровна, Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы, Джамашева Меруерт Савутбековна, Алдиярова Айгерім Хамитбековна және Абдырахманова Сәния Бахтиярқызы бар.

Марапат иегерлеріне жылы лебіздер айтылып, олардың адал еңбегі мен азаматтық ұстанымы жастар үшін үлгі болатыны ерекше атап өтілді.

Салтанатты жиын еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және кәсіподақ қозғалысының бірлігін күшейту мақсатында өтті. «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Бүгін марапатқа ие болған еңбек озаттары – өз саласында табандылық танытып, қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген нағыз кәсіби мамандар. Олардың адал еңбегі мен азаматтық жауапкершілігі – еліміздің дамуы мен тұрақтылығының кепілі. Республика күні қарсаңында өткізілген бұл шара еңбекті дәріптеудің және елге қызмет етудің мәнін айқындай түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ