Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Республика күніне орай Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек ардагерлеріне, теміржол, тау-кен металлургия, энергетика, медицина, білім, ғылым салалары қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталғандар:
«Парасат» орденімен
-
Байкәрім Төтенов – еңбек ардагері, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің профессоры;
-
Арман Жұмабеков – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің аппарат басшысы;
-
Сәкен Қаныбеков – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;
-
Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ аппарат басшысы;
«Құрмет» орденімен
-
Ербол Раев – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе бөлімшесі филиалының Жем локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі;
-
Ғани Қарасаев – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» РММ бөлім басшысы;
-
Қасым Тілепов – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары;
-
Ержан Біржанов – қаржы вице-министрі;
-
Нұрбол Тұрсынбаев – Астана қаласы әкімдігі № 2 қалалық көпсалалы ауруханасының директоры;
-
Талғат Ешенқұлов – ғылым және жоғары білім вице-министрі;
-
Ботагөз Жақселекова – әділет вице-министрі;
-
Ерболат Ыбырайханов – су ресурстары және ирригация вице-министрі;
-
Дәурен Кеңбейіл – қаржы вице-министрі;
-
Дияс Азбергенов – «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
-
Жәнібек Тайжанов – көлік вице-министрі;
-
Дәурен Темірбеков – қаржы вице-министрі;
-
Нұркен Шарбиев – экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
-
Азамат Кәрімов – Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы;
-
Дәурен Қазантаев – Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы;
-
Салтанат Томпиева – Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
-
Талғат Тұрлыбаев – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
-
Арман Кенжеғалиев – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы;
-
Күләш Маханбетова – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары – бас бухгалтер;
-
Гүлмира Ахметтаева – Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары;
-
Айгүл Әлиақпарова – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
-
Арман Қасенов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
-
Сырым Нұрберді – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы сорғы стансасының машинисі;
-
Серғазы Мырзағалиев – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда көлік учаскесі автокөлік кранының машинисі;
-
Мұрат Жұмәліков – «Богатырь Көмір» ЖШС БЖКБ тарту агрегатының машинисі;
-
Игорь Кирилин – «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС Гидроэлектр станциясының ауысым басшысы;
-
Жаннұр Балмағанбетова – «University Medical Center» Мейірбике ісі департаменті Клиникалық базасының амбулаториялық хирургия бөлімінің медбикесі;
-
Олжас Сапарбеков – өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
-
Ерлан Әушәріпов – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
-
Ілияс Төлесов – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
-
Дархан Мырзабаев – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
-
Серік Әшіров – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы;
-
Арсен Жақанбаев – Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы;
-
Әбілқайыр Әскеев – Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
-
Әсет Тәукенов – Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
-
Расул Тынысбаев – Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
-
Мақсат Елемесов – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары;
-
Қанат Қабылбеков – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;
-
Надир Құрымбаев – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары;
-
Айгүл Гендашева – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
-
Дәурен Мергенбаев – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
-
Елдос Бертісов – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
-
Жадыра Дәулетханова – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
-
Ақылбек Жақсымбеков – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
-
Айдос Несіпов – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
-
Сатыбалды Мұқанов – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ аппарат басшысы;
-
Майра Нұртазина – Үкімет Аппаратының бас консультанты;
-
Мұрат Сабыр – «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» Жоғары кәсіби білім беру мекемесінің бөлім басшысы;
-
Мұстафа Шыңғысбаев - «KEGOC» АҚ «Оңтүстік Жүйеаралық электр тораптары» филиалы Механикаландыру және көлік цехының автокөлік кранының машинисі;
-
Балтабай Ибрагимов – «Қызылкұм» ЖШС «Хорасан-1» кеніші Өнімді ерітінділер өңдеу учаскесінің 4 дәрежелі сұйық реагенттер қоймасының операторы;
-
Тілекқабыл Медеуов – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы өңірлік филиалы Атырау учаскесінің жолаушылар вагонының жолсерігі.
«Шапағат» медалімен
- Зүлфия Сағадиева – Абай облысы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қарқынды терапия блогі меңгерушісі.
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен
- Жұлдыз Данбаева – Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК директоры.
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен
- Мария Сандыбаева – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.

