Шалғай елді мекен тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Шалғай елді мекен тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Шымкент қаласының Ынтымақ-1 елді мекенінде тұрғындар мен жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға арналған ақпараттық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – шалғай аймақтарда тұратын азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік мүмкіндіктермен таныстыру болды.

Акцияға Жастар ресурс орталығының мамандары қатысты. Олар қатысушыларға еңбек нарығындағы өзекті бағдарламалар туралы кеңінен мағлұмат беріп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Мамандар жастарға, жұмыссыздарға және кәсіп ашқысы келетін тұрғындарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Іс-шара барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Кәсіптік оқыту» бағдарламалары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға қайтарымсыз мемлекеттік грант алу шарттары мен бизнес-жоспар әзірлеу жолдары түсіндірілді.

Қатысушыларға Enbek.kz электронды еңбек биржасының мүмкіндіктері таныстырылып, онлайн форматта жұмыс іздеу, түйіндеме дайындау және бос жұмыс орындарына өтінім беру тәсілдері көрсетілді. Бұл жүйе – тұрғындардың уақытын үнемдеп, еңбек нарығына қолжетімділікті арттыратын тиімді құрал екені атап өтілді.

Акция кезінде мамандар 100-ден астам тұрғынмен жеке кеңес өткізіп, әрқайсысына өз жағдайына сай бағдарлама түрін ұсынды. Көптеген жастар кәсіптік оқуға қатысуға, ал кейбір тұрғындар өз ісін ашуға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, тұрғындарға түсіндірме парақшалар мен ақпараттық материалдар таратылды.

Ынтымақ-1 елді мекеніндегі бұл шара шалғай аймақтарда тұратын азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай түсіндіру жұмыстары арқылы халықтың белсенділігі артып, еңбекке, кәсіпкерлікке және өзін-өзі дамытуға деген ынтасы күшейеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта қала маңындағы өзге елді мекендерде де жалғасады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттырып, қоғамда еңбек құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...