Қызылордада жаңа «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы іске қосылды

Қызылордада жаңа «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы іске қосылды

Қызылорда қаласында өнеркәсіп саласының әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды нысан – «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы ашылды. Салтанатты шара қала күні мен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Жаңа өнеркәсіп аймағы – Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бастамаларының бірі. Жоба құны 526 миллион теңгені құрайды. Мұнда 8 өндірістік цех жұмысын бастап, түрлі азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындар шоғырланған. Нысанның іске қосылуы нәтижесінде 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 157 миллион теңге көлемінде жылдық 3 пайыздық жеңілдетілген несие берілген. Бұл – аймақтағы шағын және орта бизнеске нақты қолдау көрсетудің айқын үлгісі.

Аймақ басшысы өз сөзінде жобаның өңір экономикасы үшін маңызын атап өтіп, жергілікті кәсіпкерлерге табыс тіледі. Оның айтуынша, жаңа өндіріс аймақтары халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, салық базасының ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Шара соңында нысанның құрылысына атсалысқан қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Нажмадин Мұсабаев жиналғандарға ізгі тілегін білдіріп, жаңа аймақтың берекелі еңбек пен табыс ордасына айналуын тіледі.

Қызылордадағы бұл жоба – өңірлік кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды қадамның бірі болып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...