Шымкентте кәсіподақ белсенділері Кәсіподақтар күні қарсаңында марапатталды

Шымкентте кәсіподақ белсенділері Кәсіподақтар күні қарсаңында марапатталды

Шымкент қаласының «Көрме орталығында» «10 қазан – Кәсіподақтар күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн – еңбек адамдарының ынтымағы мен қоғамдағы әлеуметтік әділдік қағидаттарын дәріптейтін маңызды мереке. Шараға қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, салалық кәсіподақ мүшелері және әлеуметтік әріптестер қатысты.

Іс-шара барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелеріне түрлі марапаттар табысталды. Бұл – олардың еңбек саласындағы белсенділігі мен әлеуметтік әділдік пен еңбек құқықтарын қорғауға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған Маниева Гаухар Мұхтарқызы – Қаратау ауданы әкімі аппаратының әкімшілік бөлім басшысы әрі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы. Ол ұжымдық келіссөздер мен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы белсенділігімен, еңбек мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесімен ерекшеленді.

Ал Шымкент қалалық мәслихатының Алғыс хаты Бейсен Мұхтар Ибатбекұлына табыс етілді. Ол – Абай ауданы әкімі аппаратының қойма меңгерушісі және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Еңбек ұжымында әділдік пен ынтымақты нығайтудағы еңбегі ерекше атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалі Қарабаев Жарқын Құрманбекұлына тапсырылды. Ол Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша басқармасында қызмет етеді және ұзақ жылдар бойы кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсене араласып келеді.

Сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталары Абуова Клара Жақыпбекқызы мен Абдинуров Мәлік Құттымбетовичке табысталды. Клара Жақыпбекқызы – №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының кадр инспекторы, өз ұйымының кәсіподақ жұмысын жандандыруда табандылық танытып келеді. Мәлік Құттымбетович – қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары ретінде еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық ынтымақты нығайту бағытында үлкен үлес қосып жүр.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен Шабиддинов Мирзахан Шерханович марапатталды. Ол Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Марапат иелеріне құттықтау сөз сөйлеген кәсіподақ жетекшілері мен әлеуметтік серіктестер олардың еңбекке адалдығы мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалады.

Бұл мереке еңбек саласындағы ынтымақтың, өзара қолдаудың және әлеуметтік әділдіктің символына айналды. Шымкент қаласындағы кәсіподақ ұйымдары қызметкерлердің құқықтарын қорғаумен қатар, олардың кәсіби және рухани дамуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Кәсіподақтар күні аясында өткізілген бұл іс-шара еңбекті құрметтеу мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы бірлік пен әділдікті нығайтуға үлес қосты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...