Шымкенттік ұстаздар мен кәсіподақ белсенділері кәсіби мерекелер қарсаңында марапатталды

Шымкенттік ұстаздар мен кәсіподақ белсенділері кәсіби мерекелер қарсаңында марапатталды

Қазан айының алғашқы аптасы ұстаздар қауымы мен кәсіподақ өкілдері үшін ерекше мереке кезеңі болды. «5 қазан – Мұғалімдер күні» және «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Сарыағаш ауданындағы М.П. Окороков атындағы №11 жалпы орта мектептің ұстаздары мен кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Салтанатты жиын барысында филиал төрағасы Серік Әуесханов еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне тоқталып, Қазақстан кәсіподақтарының 120 жылдық тарихы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы туралы айтты. Ол кәсіподақ қозғалысы тек қызметкерлердің құқықтарын қорғаумен шектелмей, әлеуметтік әріптестікті дамыту мен еңбек мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мерекелік шарада мектептің бірқатар ұстаздары мен кәсіподақ белсенділері еңбектегі жетістіктері мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды.

«Еңбек озаты» төсбелгісімен үш педагог марапатталды: тарих пәнінің мұғалімі әрі мектеп директоры Калменов Манақбай Қыдыраліұлы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Молдашов Қайрат Тілләбекұлы және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тасболатова Гүлжан Садановна. Олар білім саласында үздік еңбегімен, оқушылардың жетістіктері мен ұстаздық ұстанымының жоғары деңгейімен ерекшеленді.

Сонымен қатар, «Құрмет грамотасымен» алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Амиров Нұрдәулет Рысбекұлы, бастауыш сынып мұғалімдері Байтлесова Үлмекен Бақытбекқызы мен Құдайбергенова Айгүл Жұмағалиқызы, биология пәнінің мұғалімі Кожухова Дилроза Хайриддинқызы марапатталды. Бұл ұстаздар шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы мен жаңа әдістемелерді енгізу бағытындағы еңбегі үшін құрметке лайық деп танылды.

«Алғыс хатпен» орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абенова Зауре Ильясқызы, тарих пәнінің мұғалімі Жассақова Нағима Отынбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балғабаева Нұргүл Оспанқызы және бастауыш сынып мұғалімі Шойынбаева Жанар Бақтиярқызы марапатталды.

Ал ерекше марапат — «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі әрі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ағилов Жүніс Мұзафарұлына табысталды. Оның ұзақ жылдар бойғы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен ұжым ішіндегі бірлікті нығайту жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.

Іс-шара соңында Серік Әуесханов барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, ұстаздық еңбектің қоғамдағы ең жауапты және құрметті мамандықтардың бірі екенін атап өтті.

Осындай кездесулер еңбек адамдары мен кәсіподақ мүшелерінің ынтасын арттырып, олардың еңбегіне деген құрмет пен сенімді күшейтеді. Шымкент қаласындағы кәсіподақ ұйымдары алдағы уақытта да әлеуметтік әріптестікті дамыту мен білім саласындағы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...