Сот сараптамалары орталығының қызметі жүйелі түрде жаңғыртылуда

Сот сараптамалары орталығының қызметі жүйелі түрде жаңғыртылуда
Сот сараптамасы – әділ әрі объективті шешімдер қабылдау үшін ғылыми негізді қамтамасыз ететін, сот төрелігі жүйесінің негізгі салаларының бірі. Қылмыстарды тергеудің тиімділігі мен қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сараптамалық зерттеулердің сапасы мен шынайылығына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда бұл сала белсенді даму кезеңін бастан өткеруде: цифрландыруға, жаһандануға және қылмыс сипатының өзгеруімен байланысты жаңа сын-қатерлер, сонымен бірге – заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Осы себепті Сот сараптамалары орталығы материалдық-техникалық базаны нығайтуды, инновациялық әдістемелерді әзірлеуді және процестерді цифрлық трансформациялауды ұштастыра отырып, өз қызметін жүйелі түрде жаңғыртуда. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын...