Астанада Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді орындаудағы жастардың рөлі талқыланды

Астанада Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді орындаудағы жастардың рөлі талқыланды

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен пікірталас өткізді. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға бағытталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Пікірталаста Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді орындауға жастардың қосар үлесі сөз болды.

Қатысушылар цифрлық экономиканы қалыптастыру мәселелерін талқылады. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың даму келешегіне, олардың білім беру мен еңбек нарығына ықпалына тоқталды.

Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және олардың кәсіби қабілетін шыңдау, таңдаған мамандығы бойынша еңбек етуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылды.

Білім беру сапасын арттыру мен адами капиталды дамытуға да айрықша мән берілді. Қатысушылар жастардың зияткерлік және кәсіби қабілетін ашудағы жоғары білімнің маңызы жөнінде пікір алмасты.

Жолдауда айқындалған басымдықтар аясында жастардың жауапкершілігін арттыру, қоғамдық бастамаларды қолдау, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен байланысын кеңейту мәселелері де көтерілді.

Ашық пікірталас жастар арасындағы диалогты дамытуға, олардың ел өміріндегі орны мен жауапкершілігін пайымдауға бағытталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...