Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...