Шымкент қаласының тұрғындары үшін жұмыс іздеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының жоғарылауымен қатар, түрлі салаларда жаңа жұмыс орындары да ашылуда. Бүгінгі таңда қала бойынша білім, денсаулық сақтау, өндіріс, әкімшілік және қызмет көрсету салаларында ондаған бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Бұл – жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралардың нәтижесі.
Ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарында білім беру саласының өкілдері тұр. Мәселен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына мұғалімдер, бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ, орыс және шет тілі пәндерінің мұғалімдері, информатика, биология, математика, технология, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері қажет. Сонымен қатар мектептерде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәлімгерлер (вожатый), әлеуметтік педагогтар, кәсіптік бағдар беруші педагогтар мен педагог-ұйымдастырушыларға сұраныс бар.
Денсаулық сақтау саласы да кадр тапшылығын сезініп отыр. Қаланың түрлі медициналық мекемелеріне мейіргерлер (мейірбикелер), жалпы практика дәрігерлері, дәрігер-неонатологтар, дәрігер-реабилитологтар, фельдшерлер, санитарлар, массажистер және фармацевттер қажет.
Өндірістік салада еңбек еткісі келетіндер үшін де бірқатар бос орындар ұсынылған. Олар – жылжымалы құрамды жөндеу слесарі, химиялық процестер машиналарының операторы, ауа электр желілерін жөндеу электромонтері, өндірістік инженер, сынақ қызметінің лаборанты және химик-лаборант секілді техникалық бағыттағы мамандықтар.
Сонымен қатар, қалада заңгер, диспетчер, хатшы, комендант, баспасөз хатшысы, редактор-аудармашы, сатып алушы (закупщик), оркестр артисі, авиақауіпсіздік инспекторы, әскери-техникалық дайындық инспекторы сияқты әкімшілік және ерекше сала мамандарына да сұраныс бар.
Қызмет көрсету мен техникалық қолдау бағытында да бос орындар аз емес. Үй-жайларды жинаушылар, мектеп тазалаушылары, кір жуушылар, ас үй жұмысшылары, аумақты абаттандыру жұмысшылары, санақ құралдарының көрсеткіштерін бақылаушылар, курьерлер мен сатушы-кассирлер сынды қарапайым, алайда маңызды қызметтер ұсынылуда. Сондай-ақ автокөлік жүргізушілеріне (бірнеше бағытта) сұраныс тұрақты.
Жоғарыда аталған бос жұмыс орындары бойынша толық ақпаратты және байланыс нөмірлерін қаладағы бес аудандық мансап орталығынан алуға болады. Олар:
-
Әл-Фараби ауданы: Байтұрсынов, 201 — +7 (725) 277 36 57
-
Қаратау ауданы: Байтереков, 89 — +7 (725) 277 36 57
-
Тұран ауданы: Қазыбек би, 50 — +7 (725) 277 36 57
-
Еңбекші ауданы: Астана мөлтек ауданы, 106 — +7 (725) 277 36 57
-
Абай ауданы: Агрынбекова, 243/3 — +7 (725) 277 36 57
Мансап орталықтары жұмыс іздеушілерге кеңес беріп, түйіндеме жасауға көмектеседі және сұхбатқа дайындалуға қолдау көрсетеді. Егер сіз жаңа жұмыс орнын іздеп жүрсеңіз, осы мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.

