Шымкенттегі әлеуметтік сала мамандарына айрықша құрмет көрсетілді

Шымкенттегі әлеуметтік сала мамандарына айрықша құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Шымкент қаласының әлеуметтік мекемелерінде қызмет атқаратын азаматтарға көрсетілген құрмет пен марапат ерекше сипат алды. Осы орайда «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» арнайы іс-сапармен болып қайтты.

Орталықтың ұжымымен өткен кездесуде кәсіподақ төрағасы мекеме қызметкерлерін 30 тамыз – Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтап, олардың атқарып отырған еңбектеріне жоғары баға берді. Әлеуметтік салада қызмет ету – тек кәсіби міндет қана емес, үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететін абыройлы жұмыс. Сондықтан да, дәл осы салада еңбек етіп жүрген азаматтарға кәсіподақ ұйымының тарапынан ерекше көңіл бөлінуі – орынды және уақытылы бастама болып отыр.

Салтанатты жиын барысында бірнеше қызметкер кәсіподақтың ресми марапаттарына ие болды. Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен медбике Телікбаева Айнұр мен еңбек нұсқаушысы Жорабекова Үрзия марапатталды. Бұл төсбелгі – өз кәсібіне адалдық танытып, үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлерге табысталатын жоғары марапат.

  • «Құрмет грамотасымен» орталықтың невропатолог дәрігері Тұрғынбаев Дәулет, медбике Байжанова Роза және тәрбиеші Енжанова Мафуруза марапатталды. Олардың әрқайсысы балалармен күнделікті жұмыс істеу арқылы қоғамның осал тобына қызмет етіп, елеулі үлес қосып жүрген жандар.

  • Сонымен бірге «Алғыс хаттармен» педиатор Ескараева Гүлвира, дене шынықтыру нұсқаушысы Әмір Әзімхан, еңбек нұсқаушысы Сүлейменова Майра және дефектолог Байсан Майра марапатталды. Бұл қызметкерлер – ерекше күтімді қажет ететін балалардың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген мамандар.

Жиын барысында кәсіподақ төрағасы әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін қоғам тарапынан бағалау қажеттігін ерекше атап өтті. Әсіресе, арнаулы қызмет көрсету саласында еңбек ететін мамандардың жұмысы үлкен қажыр-қайрат пен мейірімділікті қажет ететінін айтты. Ол сондай-ақ ұжымдағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер және жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша кәсіподақ тарапынан тұрақты бақылау жүргізіліп отырғанын жеткізді.

Орталық басшылығы атынан сөйлегендер де кәсіподақтың қолдауын ерекше атап өтіп, мұндай марапаттар ұжымның еңбекке деген ынтасын арттыратынын айтты.

Осылайша, Конституция күніне орай ұйымдастырылған бұл марапаттау рәсімі Шымкент қаласындағы әлеуметтік сала қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін, олардың қоғамдағы маңызды рөлін және еңбектерінің еленіп жатқанын айқын көрсетті. Бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын тауып, әлеуметтік әділеттіліктің нығаюына өз үлесін қоса береді деп сеніммен айтуға болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...