Мемлекет басшысы «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті

Мемлекет басшысы «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті

Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа.

Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...