Меморандум түзілді

Меморандум түзілді

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың еңбекті қорғауда халықаралық тәжірибелерді зерделеп, оң үрдістерін бізде қолдану бойынша берген тапсырмасына сәйкес барлық еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған барлық хабарламаларды ескеру бойынша жоба іске қосылды. Ұқсас жоба АҚШ - да тиімді іске асырылып келеді.​ Осы мақсатта Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы және Шымкент қаласының Ситуациялық орталығының арасында меморандум түзілді.

Бұл бастама Шымкент қаласының Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның және Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ​ Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырыстарында талқыланып, қолдау тапты.

Меморандум Шымкент қаласының аумағында еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін ұлғайту мақсатында шынайы мәліметтер қалыптастырып, өзекті мәселелерді ​ анықтап, шешімдер кешенін іске асыруды көздейді.

Заңнамаға сәйкес иесі бүркемеленген арыздар ресми қаралмайтындығын білесіздер. Кейбір жағдайларда жұмыскерлер өздерінің құқықтарын ашық қорғауға шешім қабылдауда екіұдай әрекетте болады. ​ Сондықтан, қазір қала аумағында тиімді әрекет етіп отырған «109 ​ ІКөмек» біріңғай ақпарат орталығы арқылы барлық хабарламаларды қабылдап (оның ішінде иесі бүркемеленген хабарламаларды қоса), еңбек қатынастары саласында шынайы ақпарттарды зерделеп, өзекті мәселелерді шешу бойынша көзделіп отыр.

Енді, тұрғындар, жұмыскерлер өндірістердегі еңбек қауіпсіздігі, өндірістерде болған жазатайым оқиғалар, жұмыс орындарының​ қысқаруы, кәсіпорындардағы мүмкін еңбек ақы қарыздары, жұмысберушілердің жұмыскерлерге қатысты заңсыз қудалаулар, жұмысберушілердің жұмыскерлерді еңбек шартынсыз жұмысқа тартуы, 16 жасқа толмаған балаларды заңсыз жұмысқа тарту бойынша хабарлмаларын 109 біріңғай номеріне қалдыруға мүмкіндіктері бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...